Екпе егу науқаны басталды
Облыс бойынша халықты тұмауға қарсы егу науқаны басталды. Ал, екпе алғысы келетіндер өз емханасына хабарласуы керек. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, 60 млн теңгеге Ресейде өндірілген “Гриппол” вакцинасының 70 000 дозасы сатып алынды. Қазіргі таңда вакцина өңірдегі барлық емдеу мекемелеріне таратылды. Медицина қызметкерлері, Д-тіркеудегі пациенттер, балалар, мүгедектігі бар азаматтар, зейнеткерлер, мемлекеттік мекемелердегі адамдар, сондай-ақ эпидкөрсеткіштер бойынша сырқаттарға тұмауға қарсы екпе тегін салынады. Мамандар қазіргідей эпидахуал кезінде екпе салудың ықпалы зор екендігін айтады. Себебі, бұл жағдайды тұрақты ұстауға, тұмауды өршітіп алмауға мүмкіндік береді.