Жарымжан жарнамалар, мүгедек мәтіндер…

Қазақстан халқы тілдері күніне орай облыстық Тілдерді дамыту басқармасы, қалалық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және "Жас Отан" жастар қанатының өкілдері Қостанай қаласында "Таза көшеге – таза жарнама" атты рейд ұйымдастырды. Мақсат – мемлекеттік тілде сауатсыз жазылған мәтіндерге қарсы күресу, заң қағидалары негізінде айыптыларға ескерту жасау.8b394e62-65c0-4401-9b89-cd16e35fa952
Қала көшелерінің қазақша орашолақ жазылған жарнамалар мен мәтіндерден арылып бітер түрі жоқ. Оның үстіне, мемлекеттік тілді мүлдем қолданбай, орысшаны ғана оңтайлы көретіндер көп кездеседі. Қателіктерге қарсы акциялар ұдайы ұйымдастырылып, бірі түзеліп жатса, басқасы пайда болады да тұрады. Мұның себебі де белгілі – кінәлілер ескерту алып қана құтылады, яғни заңнамада айыппұл салу жазасы қарастырылмаған. Егер талап қатаңдау болса, шағын және орта кәсіп иелері мемлекеттік тілді қолдануға бұлайша атүсті, бейсауат қарамас па еді? Десе де, ағат жіберген айыпкерлерге заң алдындағы азаматтық жауапкершілігін түсіндіру жұмыстары толастаған емес. Таяуда Абай, Гагарин және Складской көшелерінде осындай тағы бір рейд өтті. 
"Заң талабына сай келмейтін сыртқы жарнамалар мен ақпараттық тақталар ілген нысандарға барып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуді мақсат еттік. Яғни оларға бұл олқылықтарын екі апта уақыт ішінде жөндеу міндеттелетін ескертпе қағазын толтырамыз. Кейін, межелі уақыт жеткенде сол нысандарды қайта барып тексеретін боламыз, – дейді «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Абай Жүсіпов.05b21618-aecc-4f0e-8f73-97fafa53b2f7
Рейдшілер жорыққа кіріскен Гагарин көшесі "тосынсыйға" толы екен. Алғашқы көз сүрінген қате – "Рыбацкий домик" дҰкені. Топ өкілдерін қатулау қарсы алған сатушы "камераны әрі тартыңдар!" деп долданды. Әйткенмен, ескерту жайлы хабарламаны қожайынына жеткізуге қарсылық танытпады. 9f6c1794-374e-4b0a-909d-64a5bd9976c2Осы нысаннан әудемжерде орналасқан фаст-фуд дүңгіршегінің жан-жағы жағалай жарнама болғанымен, бір әріп қазақшасы жоқ. Мұның да иесіне ҚР "Тіл туралы" Заңының мемлекеттік тілдің міндетті екені айқын көрсетілген 26-бабы тәптіштелді. Ол олқылықтың орнын толтыруға уәдесін беріп, бас изеп қала берді. Оның қасындағы гүл сататын дүңгіршектегі көрініс те осыған ұқсас. Нысан егесі жарнаманы қайта жасататынын айтып, байланыс нөмірін қалдырып, қолын қойды.db7c0be8-04f7-4e08-a337-06aaec5e98493c4480a8-cda5-40f5-b39f-53fdc91c5da2Бұдан соң жолдың келесі бетінен менмұндалаған "мода ательесін" бетке алдық. Мамандар "Ирина" атты бұл нысанға "мода" сөзінің қазақшасы бар екенін айтқанша асық. Оның үстіне, көрсетілетін қызмет түрлері тек орыс тілінде жазылған. Мін-қателіктерін мұқият тыңдап алған қожайын өзгелер секілді кінәні жарнама агенттіктеріне сілтеген жоқ. Тапсырысты дәл осылай өзі бергенін мойындады. Ескерту алысымен, мұның оңай жөнделетін ағаттық екенін айтып, сыншы топты уәдемен шығарып салды. 4b0b9d3a-6cdf-4a07-8fb1-af32d09db4faБұл нысанмен жапсарлас "Анюта" деп аталатын дүкен де мемлекеттік тілге шекеден қарайтын сыңайлы. Сыртында жарнаманың сан түрі самсап тұр, алайда кейбірінің қазақшасына орын табылмапты. Дүкен иесіне осы айыбы айтылғаны сол-ақ еді, тысқа шығып, мамандардың көзінше жарнамалардың бірін жұлымдап, жыртып алып тастады. Айтуларынша, бұл еш маңызы қалмаған ескі жарнама көрінеді.b9ab67f6-7fa0-4e17-8f44-af890e47ec77
0a8c53f9-2b38-4bba-b58e-a2271e946031Бұдан соң мамандар Абай даңғылында мәтіні тек орыс тілінде жазылған ірі бильбордтарды суретке түсіріп, бейнеге жазып алды. Бұған жауапты тұлғалар да ескерусіз қалмайды. Ал Складской базарын араласаңыз, қателіктің неше "атасын" ұшырастырар едіңіз. Осы рейд барысында да бірер нысанға "тосын мейман" болуға тура келді. Мәселен, балық сататын мына сауда нүктесінің атауындағы қателік ашу мен күлкіңді қатар шақырады. "Балықтар әлемінің" орнына "Бабалықтар әлемі" деп жазылып кеткен. 83665be4-9289-4c2e-a1a3-0a7daf6c3475Топ өкілдерін қаннен-қаперсіз қарсы алған қожайынға өрескел қателік жіберілгені түсіндіріліп, артық әріптерді алып тастау міндеттелді. Тексерісшілермен тысқа еріп шыққан ол, дүкен атауын тұңғыш көріп тұрғандай телміре берді.4f0471cc-388f-4a40-b799-5af620806a1a
9336a5b4-9297-40d5-bf1c-d2824a320c3a67d422ae-5d8a-4087-b1f0-6f9228267d8fМамандар талапқа қайшы жарнама ілген тағы бірнеше нысанға бас сұғып, бәріне екі аптадан соң айналып соғатындарын ескертті. Осы уақыт ішінде барлық олқылық түзетілуі тиіс, әйтпесе… Әйтпесе, бәлкім, тағы да ескерту берілетін шығар, әлде ол жолы өтініш жасауға тура келе ме екен?
…Шындығын айтқанда, тілбұзарлармен күресетін заң мұншалық әлжуаз болмаса, жарымжан жарнамалар мен мүгедек мәтіндер бұлайша "балалай" бермес пе еді…f2339ac8-55d7-4885-aa98-4663dd532c72666fec35-567e-4f22-943f-eae405847662

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓