Ата Заң тарихы тереңде

рауанҚазіргі Қазақстан жеріндегі қазақ халқы мемлекет құрушы басты халық, автохтонды жергілікті ұлт болып табылады. Тарихшы ретінде түп-тамырға бойласам, осы қазақ жерінде Еуразия құрлығында біздің заманымыздан 3 мың жыл бұрын қола дәуірінде өмір сүрген халықтар арасында қажеттіліктен биліктің алғашқы белгілері пайда бола бастады. Содан кейін темір дәуірінде, яғни, сақтарда мемлекеттік құрылымдар пайда болды, ол түркі дәуірінде жетілді. Алтын Орда және қазақ хандығы тұсында мемлекеттік дәстүр жалғасын тапты. Оған тарихи деректер дәлел бола алады. Қалың оқырманға "Қасым ханның қасқа жолы", "Есім ханның ескі жолы" жєне "Тәукенің жеті жарғысы" таныс. Бұл жерде "жол", "жарғы" деген түсініктерді "заң негізі" деп түсінген жөн. Мәселен, ата-баба жолы деген түсініктер бар. Енді Кеңес үкіметі тұсындағы конституция іс-жүзінде қазақ халқының мүддесін жалпы халық құқын қорғамады. Мысалы, 1936 жылы Кеңес Одағы конституция қабылдап, 1937-1938 жылдары қуғын-сүргін жүргізді. Еліміз тәуелсіздігімізді алғаннан кейін 1993 жылы Жоғары Кеңес конституция қабылдаса, араға екі жыл салып екінші, 1995 жылы конституция қабылданды. Мемлекеттік әнұранымыз да өзгеріске ұшырады. Қазіргі таңда ел арасында конституцияға көңілі толмайтындар бар. 1993 және 1995 жылғы конституцияларды салыстырып, пікірлерін білдіріп те жатыр. Жалпы, өз ойым конституцияны өзгертпей ішіндегі баптарға өзгерістер мен толықтырулар жасағанын қолдар едім. 

Рауан БАЙДАЛЫ, 
тарихшы, PhD доктор

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓