COVID-19: +27 адам
13 тамызда Қостанай облысында коронавирус инфекциясын 27 адам жұқтырды.Қостанай қ.11, Арқалық қ. 4, Рудный қ. 2 адам дертке шалдықты. Сонымен қатар, Қостанай ауданында 5, Федоров ауданында 1, Б.Майлин ауданында және Қарабалық аудандарында екі жағдайдан тіркелді.
Емделушілер ЖРВИ белгілерімен медициналық көмекке жүгінген кезде, сондай-ақ профилактикалық мақсатта тестілеуді өту барысында COVID-19-ға тексерілді.
Олармен байланыста болған адамдар медициналық бақылауға алынды. Алдын алу мақсатындағы және эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.
Сонымен қатар, «Емдеуге жатқызу бюросы» АЖ жедел деректері бойынша, 13 тамызда Қостанай облысында пневмония диагнозымен 8 адам ауруханаға жатқызылды.
Бір апта ішінде пневмония ауруының төмендеуі байқалады (7-13 тамыз – 1716 жағдай) және алдыңғы аптамен салыстырғанда 14%-ға тең (31 шілде – 6 тамыз аралығында 2000 жағдай).
13 тамыздағы жағдай бойынша, аймақта COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 3195-ке жетті, 2651 адам сауығып шыққан.