COVID-19: 29 жағдай

Қостанай облысында коронавирустық инфекцияның 29 жағдайы тіркелді. Оның ішінде: Қостанай қаласында – 10, Лисаков – 8, Рудный -5, Әулиекөл – 5, Федоров – 1. Емделушілер  өздігінен медициналық көмекке жүгінген кезде, тамақ ауруы, әлсіздік белгілері, дене қызуы жоғары болғандықтан  профилактикалық мақсатта тексерілді. ПТР зерттеулері оң нәтиже көрсетті. Барлық байланыста болған адамдар медициналық бақылауға алынды. Профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда. Сонымен қатар «Емдеуге жатқызу бюросы» АЖ түсірудің жедел деректері бойынша 2020 жылғы 11 тамызда Қостанай облысында пневмония диагнозымен 6 адам ауруханаға жатқызылды.
11.08.2020 жылғы жағдай бойынша аймақта COVID-19 инфекциясы бар 3141 адам анықталды, 2610 адам сауығып шықты.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓