Беделдің келуі қиын, кетуі оңай
"Жақсы адам ғана жақсы басшы бола алады"деп Жүсіп Баласағұни айтқанындай, әр педагог шәкірт тәрбиелей жүріп, өзі тәрбиеленуі, үйренуі керек. Міне, осы талап биігінен, көпшілік қауым жүрегінен үлкен бедел алған деп №2 Қашар орта мектебінің директоры Дильнара Сапанованы айтуға болады. Мектеп директорының қызметін атқару барысында, өзін жауапты, бастамашыл, сауатты, білікті ұйымдастырушы ретінде көрсетіп, ұжым оқытушыларына үлгі болды. Мектеп басқару ісі қарапайым нәрседен, әр ұстаздың ерекшелігін түсініп, оқушыны қаз-қалпында қабылдап, оларды жүрек нұрымен сүюден басталады. Осы қасиеттер өн бойынан табылған мектеп басшысы Дильнара Сапанова қызметкерлермен ілтипат пен әдептілік таныта отырып, іскерлік ізгілігімен мұғалімдер ұжымын алға қойған міндеттерді уақытылы орындауға ықпалдайды. Оқытудың тың жаңалықтарына мән беріп, ұстаздарға бағыт сілтеп, оларды іске асыруды басшылыққа алады. Ата-аналар қауымымен де тығыз байланыста.
– Мектебімізде оқушылардың жан-жақты жүйелі білім,толыққанды тәрбие алуына жағдай жасалған. Әр оқушының бос уақытын тиімді пайдалану үшін түрлі үйірме, спорттық секциялар жұмыс істейді. Оқушыларымыз мектепішілік, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, өз білімін, ой-өрісін кеңейту үшін өздігінен көп ізденуге тырысады. Білімді оқушы ертеңгі ел келешегі. Оқушыларымыздың, мұғалімдеріміздің қол жеткізген жетістіктері де жетерлік. Биылғы оқу жылында мектепте жаңашылдық, эксперименттік алаң жұмыстары ұйымдастырылуда. Ең бастысы сол саналы, тәрбиелі, жан-жақты білімді жас ұрпақты тәрбиелеу. Ол мақсатқа жету жолында аянбай тер төгіп, жан-жақты ізде-ністі қажет ететін тынымсыз тір-шілік арқасында еңбегіміздің же-місін көру біз – ұстаздар үшін зор бақыт, – дейді мектеп басшысы.
Суретте: мектеп директоры Дильнара Сапанова.