Жаңа орталыққа қабылдау жүріп жатыр
Қостанай қалалық №28 мектеп-гимназиясының базасында жаңадан «Айналайын» шағын орталығы ашылды. Қазір тәрбие орнына 3-5 жас аралығындағы бүлдіршіндерді қабылдау жүргізіліп жатыр. Кез-келген ата-ана Қостанай қалалық білім бөлімінің сайты арқылы кезекте тұрса, аталған орталыққа жолдама ала алады. Шағын орталық 90 балаға шақталған.
Мамандардың айтуынша, алдағы уақытта тәрбиеленушілер мемлекеттік тілде оқытылатын болады. Балаларға тәжірибелі мамандар тәлім-тәрбие береді. Бүлдіршіндердің денсаулығы үнемі медицина қызметкерінің бақылауында болып, тазалық-санитарлық талаптар қатаң сақталмақ.
Алдағы уақытта сабақтан тыс би, спорттық сабақтар өткізіледі деп жоспарлануда. Бүлдіршіндер балабақшадағыдай төрт мезгіл тамақтанады. Әр баланың жеке тұлға болып қалыптасуына барлық жағдай жасалған.