Жүргізуші қаза тапты
Сарыкөл ауданы Златоуст ауылында жол апаты болды. "Мерседес" автокөлігін мінген 41 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай, аударылып кеткен. Бұл туралы Қостанай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Фотосуретті оқиға орнынан куәгерлер жіберген. Жол апаты 9 тамыз күні сағат 11.00 кезінде болған. Алған жарақаттарының салдарынан жүргізуші аудандық ауруханаға бара жатқан жолда "Жедел жәрдем" көлігінде көз жұмды. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жыл басынан бері облыста 160 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Апат салдарынан 24 адам қаза тауып, 218 адам жарақат алған.