Еуропадан дәрі-дәрмек келді

Қостанайға 4 тоннаға жуық антибиотик пен қызу түсіретін дәрілік заттар әкелінді. Бүгіндері тапшылығы сезіліп отырған бұл дәрі-дәрмектерді облыс бюджетінен бөлінген қаржыға "Цветная" дәріхана желісі сатып алды. HM--t3DkE6k
Осыдан екі апта бұрын облыс әкімдігі ауадай қажет дәрілерді сатып алуға 300 млн теңге бөлген еді. Бұл қаржыны бөлшектік сауданы жүзеге асыратын ірі дәріхана желілеріне және көтерме сауда фирмаларына бағыттаған болатын. Олардың қатарында "Цветная" дәріхана желісі де болды. Оардың қоймасына препараттар тиелген фура келді. Жүк көлігі әкелген дәрі-дәрмектің жалпы құны 110 млн теңгеге тең. 3uK6Rv5zK0M
"Сапасы өте жоғары еуропалық препараттарға қолымыз жетті. Жалпы көлемі – 4 тонна немесе 90 мыңнан астам қаптама. Олар – цефтриаксон, аспирин, сумамед және басқа да аса қажетті дәрілер", – деді "Витайм" ЖШС директоры Александр Носов.
Қоймаға келген антибиотиктер мен қызу түсіретін дәрілер жәшіктерінің ішінде ерекше назар түсетіні – тапшылығы қатты сезілген парацетамол бар. Олардың қорабынан Болгария, Дания, Германия өндірісі екенін оқуға болады. Бұл дәрілер Балтық жағалауы елдерінен сатып алынған. Тауарды Қостанайға жеткізу үшін бар-жоғы 4-ақ күн кеткен. Серіктестік директорының айтуынша, дәрілер сол күні-ақ «Цветная» дәріхана желісінің барлық нүктесіне таратыла бастайды.Дәрі-дәрмектерді түсіру жұмыстарымен қойма жұмыскерлері түні бойы айналысуы тиіс. Мұндай тапсырманы желі директоры беріп отыр, өйткені препараттар мүмкіндігінше тезірек сөрелерде пайда болуы керек.Wl3X4JbYadQ
Дәріханалардың иелерінің алдындағы ендігі міндет – осы дәрі-дәрмектерге жұмсалған қаржыны облыс бюджетіне қайтару. Ал облыс әкімі белгілеген шекті мерзім – 2020 жылдың аяғы. Бірақ бұл бағаның көтерілуіне себепші болмауы тиіс.
А.Носовтың сөзінше, кейбір дәрілердің бағасы әдеттегіден де төмен болуы мүмкін. Оның сыртында, Қазақстанда дәрілердің шекті бағасы туралы ереже бар екенін ұмытпау керек. Оны бұзу жауапкерішілікке тартылуға алып келеді. Өңірдің кез келген дәріхана желісінің  дәрі құнын көтеруге жол беру дерегіне душар болсаңыз, call-орталықтың 1424 нөміріне қоңырау шалуыңызға болады.
 
Сурет "КН" сайтынан алынды

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓