Медбикеге мың алғыс!

Шыны керек, індет тарағалы бері көп адамнан маза қашты. Дегенмен осындай қысылтаяң шақта дертті ауыздықтауға білек сыбана кіріскен дәрігерлер қауымын ескермей жататынымыз жасырын емес. Адал көңілден білдірілген ілтипат ризашылық сезіміне бөлейді ғой. Вирусқа шалдыққан жандардың өмірі үшін күндіз-түні күресіп жатқан облыс дәрігерлерінің елеулі еңбегін атай кеткенді жөн көрдік.
WhatsApp Image 2020-07-20 at 10.00.54
Мені денсаулығым нашарлап кеткен соң облыстық аурухананың провизорлық терапевтикалық бөліміне көшірді. Мұнда жатқан күндері түсінгенім, қауіпті сәтте өз басын қатерге тіккен дәрігерлерге қандай құрмет көрсетсек те жарасады.Дәрігерлер мен медбикелердің әр науқасқа деген қамқорлығы ерекше. Осындай аптап ыстық күні қалың костюм киіп жүрулерінің өзі алабөтен әңгіме.
WhatsApp Image 2020-07-19 at 19.44.07
Қазір ерінбегеннің бәрі дәрігерлерге сын айтып жүр. Біздің дәрігеріміз Айгүл Есмағамбетовадан бастап, провизорлық терапия бөлімшесінің медбикелері Любовь Власова мен Татьяна Плетеницкаялардың еңбегі өлшеусіз.  Ауруханада пневмониямен ауырып жатқандар көп, оттегі жетіспеушілігінен аппарат қажеттілігіне мұқтаж адамдар да бар. Солардың бәрі медбикелердің бақылауында. Дәрігерлерге сыннан гөрі қолдау қажет. Заңды демалыс күндеріне қарамай науқастардың қасында жүр. Мың алғыс саған, дәрігер!
WhatsApp Image 2020-07-19 at 18.54.42
WhatsApp Image 2020-07-19 at 21.03.28
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓