COVID-19: +31

Қостанай облысында 26 маусымдағы мәлімет бойынша коронавирус инфекциясының ауру белгілерімен 31 адам тіркелді. Бұл туралы Өңірлік жедел штаб хабарлайды.
«COVID-19 облыс орталығының тұрғындарында анықталғаны – 18 жағдай, Рудный қаласында – 8, Тобыл қаласында – 3, Қамысты ауданында – 4, Әулиекөл және Меңдіқара аудандарында – 1. Олардың 17-сі әйел және 14-і ер адам. Емделушілерде 39°С дейін дене қызуы, бас ауруы, тамақтың ауырғаны, құрғақ жөтел болды. Бұрын  ауырып қалған науқастармен байланыста болғаннан және ЖРВИ белгілерімен тексерілді.  ПТР диагностикалық зерттеудің нәтижелері бойынша СOVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда емделушілер жұқпалы аурулар стационарына оқшауланды және хаттамаға сәйкес тиісті ем алып жатыр. Байланыста болған адамдар анықталуда, анықталғандардың бәрі медициналық бақылауға алынады», – делінген хабарламада.     
2020 жылғы 26 маусымдағы жағдай бойынша  Қостанай облысында  COVID-19 індетін жұқтырған 451 адам тіркелді, олардың 215-і емделіп шықты.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓