Азат Перуашев: “Арқалықта дәрі тапшылығы бар”

Коронавирус індеті кезінде халыққа қолдау көрсету бүгінде ел аймақтарын аралап жүрген Мәжіліс депутаттарының негізгі жұмыс бағытына айналды. Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Қостанай облысының Арқалық қаласында бірқатар кездесу өткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.200720123018799e
Мәжіліс депутаттары қоғамдық бақылау аясында бүгінде тек облыс орталықтарында ғана емес, сонымен қатар шалғай аудандарда да індетпен күресу үшін қажетті мәселелерді бақылауға алуда.
Қостанай облысының Арқалық қаласында Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» партиясы парламенттік фракциясының жетекшісі Азат Перуашев жергілікті аурухананың дәрігерлерімен және медицина қызметкерлерімен кездесіп, бірқатар өзекті проблемаларды талқылады.
Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі уақытта дәрі-дәрмектер мәселесі жақсарып, COVID-пен ауыратын науқастардың саны едәуір азайған. Сонымен бірге, медицина қызметкерлері бір реттік жеке қорғаныс құралдарының көп тұтынылатындығын және жоғары қуатты тыныс алу аппараттарының қажеттілігін атап өтті.
Азат Перуашев Арқалық ауруханасына қорғаныс костюмдерін, бетперделер мен қолғаптарды, сондай-ақ жақын арада жеткізілетін үш тыныс алу аппаратының құжаттарын сыйға тартты.
Аурухана келушілер депутатпен әңгімелесу барысында медициналық мекемеде рентген аппараттарының жетіспеушілігі сияқты проблемалық мәселелерді көтерді. Бұл науқастарды, әсіресе ауылдан келген ересек адамдарды ауруханаға жатқызуды қиындатады.
Арқалық халқы кейбір жағдайларда медициналық көмек толық көлемде мемлекет есебінен алынбайтынына алаңдаушылық білдіріп, дәрі-дәрмектердің бір бөлігін өз қаражаттарына сатып алуға тура келетіндеріне тоқталды.
Сонымен қатар, тағы бір проблема – облыс орталықтарынан шалғай орналасқан мекемелер үшін мемлекеттік сатып алу мәселесі.
Аурухананың бас дәрігері Нұрлан Ержановтың айтуынша, жабдықтың кішкене бөлігін шұғыл ауыстыру қажет болған жағдайда, көптеген құжаттарды толтырып, келісу үшін облысқа апару керек.
"Жолға барып-келем дегенше 15-16 сағат кетеді. Келісу немесе түзету үшін кем дегенде бір апта қажет. Бұл кезде жабдық тоқтап тұрады, талдаулар кешіктіріледі, операциялар кейінге қалдырылып, жұмыс кестесіне өзгерістер енгізіледі. Мысалы, аурухана өзі шеше алатын мөлшер туралы нақты критерийлер қажет", – деді аурухана басшысы.
Азат Перуашев бұл мәселелерді Үкімет пен Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығының алдына қоятынын және ең алдымен мемлекет және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры есебінен берілетін дәрі-дәрмектердің тізбесін кеңейтуді көтеруге уәде берді.
Сонымен қатар, Мәжіліс депутаты коронавирустан қайтыс болғандардың туыстарына көңіл айтып, бұл бүкіл ел үшін қайғы-қасірет пен ауыртпалық екенін атап өтті.
Осы ретте Азат Перуашев қазіргі уақытта науқастарды ауруханалардағы орындармен, дәрі-дәрмектермен, аппараттармен қамтамасыз ету қажеттілігіне тоқталды. Оларды бюрократиядан босатып, кабинет жағалатпай, жай ғана жағдайды түсіну аясында көмектесу керектігіне назар аударды.
Мәжілісмен дәрігерлер мен медбикелерге алғс білдіріп, олардың жұмысы нағыз азаматтық ерлік екенін атап өтті.
Азат Перуашев Арқалық қаласындағы дәріханаларда қажетті дәрі-дәрмектің бар-жоғын тексеріп, коронавирусты емдеуге ең көп қажет дәрі-дәрмек тапшылығы бар екенін тілге тиек етті.
Кездеу барысында фармацевтер «СК-Фармация» дәрі-дәрмегін жеке дәріханаларға жеткізу қажеттілігі туралы мәселені көтерді.
Сапар барысында халықты әлеуметтік қолдау мәселелері басты назарда болды.
Мәжілісмен көпбалалы отбасыларға азық-түлік пен қажетті заттар берді, сонымен қатар жергілікті тұрғындарды толғандыратын бірқатар мәселелерді талқылады.
Бірінші кезекте 42 500 теңге жәрдемақы алу мүмкіндігі туралы және жергілікті атқарушы органдар тарапынан халықтың аз қамтамасыз етілген топтарын мемлекеттік қолдау туралы кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу керектігі, халықтың мәселелерін шешуге биліктің белсенді қатысуының маңызы туралы айтылды.
Сондай-ақ, карантин кезінде оқушыларды қашықтан оқытуға ерекше назар аударылды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓