3 адам суға батып кетті

Қостанай ауданының Садовый ауылындағы жасанды су қоймасынан жергілікті тұрғындар 38 жастағы ер адамның денесін алып шықты. Марқұм достарымен демалып, спирттік ішімдік ішкен. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлайды.утонул
Жітіқара қаласының Шортанды өзенінен құтқарушылар 39 жастағы ер адамның мүрдесін жағаға шығарды. Келесі қайғылы жағдай Қостанайда болды.
"Жылу комбинаты ауданында Тобыл өзенінен 37 жастағы әйелдің денесін алып шықты. Осы барлық адамның өлімінің жорамалды себебі – өзеннің рұқсат етілмеген жерінде мас күйде шомылу. Қайғылы жайттардың жай-жапсары анықталып жатыр. Оқиға орындарында облыстық ТЖД сүңгуірлері мен қызметкрелері, сондай-ақ облыстық ПД жедел тергеу тобы жұмыс істеді", – деді ТЖД.
Облыстық ТЖД барлық азаматқа қауіпсіздікті сақтап, балаларды қараусыз қалдырмауға, карантин кезінде мұндай жерлерде спирттік ішімдік ішпеуге және суға шомылудан өз-өздерін тежей тұруға шақырады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓