Мақсат – әріптестікті нығайту
Күні кеше облыс әкімі Архимед Мұхамбетов ҚР Украинадағы Төтенше және Өкілетті елшісі Д.А. Калетаевтың Черкасс облысына іссапармен баруы аясында Черкасс облыстық мемлекеттік әкімшілігінің төрағасы Р.Н. Боднармен және облыстың бизнес-қауымдастығы өкілдерімен селекторлық кеңес өткізді. Аймақ басшысы бұл туралы «Инстаграмдағы» жеке парақшасында жазды.
Облыс әкімі сөз еткендей, бұл іс-шараның негізгі мақсаты – халықаралық экономикалық байланыстарды нығайта түсу.
«Кеңес барысында біздің облыстың экономикалық әлеуетін, атап айтқанда, әлеуетті шетелдік инвесторларға инвестициялау үшін бірқатар инфрақұрылымдық алаңдар, сондай-ақ қосымша қаржыландыруды тартуға болатын инвестициялық жобаларды таныстырдым. Кеңес соңында өзара ынтымақтастық туралы келісімге келдік», – деп жазады аймақ басшысы.
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев