Денисов ауданында жаңа элеватор ашылады
Мұны Денисов ауданының әкімі Е.Жаманов облыстық БАҚ өкілдерімен өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Қуаттылығы 40 мың тонна болатын үр элеватордың құрылысы осы жылдың екінші жартыжылдығында аяқталмақ. Бүгінге дейін жоба жұмысы 85 пайызға орындалған. Жобаның жалпы құны – 1,8 млрд.теңге. Мұның 1 млрд.-ы несиелік қаражат болса, қалғаны – кәсіпорынның өз қаржысы. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының бірінші бағыты аясында, элеватор қажетті инфрақұрылыммен қамтылады, яғни су және газ құбыры жүргізіледі. Жаңа элеватор іске қосылса, 32 жергілікті тұрғын «қос қолға бір күрек» таппақ.
Жандос Жүсіпбек