COVID-19: +46 адам
Науқастардың 18-і – Қостанай, 11-і – Рудный, біреуі – Тобыл қаласынан. Сондай-ақ, қауіпті індет алты ауданда тіркелді, атап айтқанда: Қостанай ауданында – 6, Әулиекөлде – 3, Денисов және Жангелдин аудандарында бір-бірден, Қарабалықта – 2, Ұзынкөлде – 3 адам.
Пациентте ЖРВИ белгілері бойынша медициналық көмекке жүгініп, COVID-19-ға тексерілді, сондай-ақ, профилактикалық мақсатта тестілеуден өткен.
Олармен байланыста болған адамдар медициналық бақылауға алынды. Алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар жалғасып жатыр.
13 шілдедегі мәлімет бойынша, облыста инфекция жұқтырған адамдар саны 1651-ге жетті, ал емделіп шыққандар – 764.