COVID-19: 5 адам шалдықты

Қостанай облысында, 31 мамырдағы мәлімет бойынша, коронавирустық инфекция жұқтырған 5 адам анықталды.  
Індет Жітіқара қаласының тұрғындары – 1979 жылғы ер адамнан және 1958 жылғы және 1971 жылғы әйелдерден табылды.⠀
Ер адам бұрын шалдыққан науқаспен байланыста болған. Ал әйелдерде медициналық мекемеге жатқызар алдында жүргізілетін жоспарлы тексеру кезінде анықталды.   
Ұзынкөл ауданында «Обаған» автоөткел арқылы Ресей Федерациясынан келген 1973 жылғы ер адам  анықталды. Бұл азамат Ұзынкөл аудандық ауруханасының карантин стационарына ПТР анализді алғанға дейін жатқызылды. Зертханалық зерттеу оның кесел жұқтырғанын көрсетті. 
Қазіргі таңда пациенттер жұқпалы стационарға жатқызылды және хаттамаға сай тиісті ем шараларын алып жатыр. 
Аурудың ошақтарында мамандар профилактикалық-эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілуде, байланысқан тұлғалар анықталды. 
Эпидемиологиялық тексеру және эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасады.  
Жалпы, Қостанай облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 182-ге жетті.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓