«Босаңсуға болмайды»
Жылдағы дәстүр бойынша облыс әкімі Нұралы Садуақасов халық алдында есеп берді. «2014 жыл әлемдік ауқымдағы күрделі және бірегей оқиғалар жылы ретінде тарих қойнауына енеді. Ол мемлекет басшысы, Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан басталды. Онда біздің республикамыздың әлемнің дамыған отыз елінің қатарына ену бағдарламасы ұсынылған болатын,-деп атап көрсетті аймақ басшысы өз баяндамасында.
Өңір басшысы өткен жылы қол жеткізген табыстар мен орын алған кейбір олқылықтар туралы егжей-тегжейлі айтып берді (Облыс әкімінің есебі «Қостанай таңы» газетінің 7 ақпан күнгі №15-ші нөмірінде жарияланды). Сондықтан, бұл
Жалпы, Н.Садуақасовтың баяндамасынан аңғарғанымыз, Тобыл өңірінде есепті кезеңде атқарылған шаруа аз емес. Бірақ, оған тоқмейілсудің қажеті жоқ. Мәселен, әлемдік қаржы дағдарысы салдарынан өзге мемлекеттер тәрізді біздің елде де тау-кен өндірісі кеміген. Бірақ, облыста тұңғыш рет өнеркәсіп өнімдерін өндіру 1,5 есеге артыпты. Астықты өңір өткен жылғы күн райының қолайсыздығына қарамастан барлық егін алқабының 98 % жинап үлгерді. Соның арқасында мемлекет қамбасына 4,5 млн.тонна астық құйды.
Н.Садуақасов өз баяндамасында мемлекеттік бағдарламалардың жергілікті жерлерде баяу жүргізіліп жатқанына қынжылыс білдірді. Бір ғана «Сыбаға» бағдарламасы бойынша Жітіқара, Қамысты аудандары мен Арқалық қаласы толыққанды орындай алмай отыр. Облыс аудандарында жерді әртараптандыру мәселесіне де жергілікті билік жүрдім-бардым қарайды.
Кездесуде тұрғындар облыс әкімінің тарапына бірқатар сауалдар қойды. Оның көбісі жол құрылысы, жұмысыздықпен күрес, ауылдарды көгілдір отынмен қамтамасыз ету, баспана мәселесіне қатысты. Облыс әкімінің есепті кездесуі турады толық материалды газетіміздің жұма күнгі санынан оқи аласыздар.
Айбек КӘДІРҰЛЫ