Жоғалған әйелдің мәйіті табылды
Қостанайда 27 маусымда белгісіз жағдайда жоғалып кеткен 1971 жылы туған әйелдің мүрдесі табылды. Тәулік бойы жүргізілген іздестіру нәтижесінде, марқұмның Тобыл өзеніне батып кеткені белгілі болды. Су екпінімен 3 шақырымға ағып кеткен денені Төтенше жағдай қызмет өкілдері судан шығарып алып, тәртіп сақшыларының қолына тапсырды.
Қазіргі уақытта жазатайым оқиғаның мән-жайлары анықталуда. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.Оқиға орнында Қостанай облысы ТЖД ӨСжАҚЖҚ мекемесінің 12 қызметкері, 3 жүзу құралы, 1 квадрокоптер және 4 бірлік техника жұмылдырылғанын айта кеткен жөн.
Баспасөз қызметі