COVID-19: 213 адам емделді
Қостанай облысында 2020 жылғы 25 маусымдағы мәліметі бойынша ауру белгілерімен коронавирус инфекциясын жұқтырған 25 адам тіркелді. Оның ішінде Қостанай қаласында – 16 адам, Жітіқара қаласында – 2, Лисаковск қаласында – 1, Рудный қаласында – 5, Қостанай ауданында – 1. 6 емделушінің тұрғылықты мекені мен жұмыс орындары бойынша байланыста болған адамдар ретінде тексерілді. 19 науқас медициналық ұйымдарға өздігінен барып, нашар сезінгендеріне шағымданған. Қазіргі таңда емделушілер жұқпалы аурулар стационарына оқшауланды және хаттамаға сәйкес тиісті ем алып жатыр. Ауру ошақтарында мамандармен профилактикалық, эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіледі, байланыста болған адамдар анықталуда. Эпидемиологиялық тексеру мен эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасады. Қостанай облысында COVID-19 нақтыланған 420 жағдай тіркелді. 213 адам емделді.