13 жасар бала суға батып кетті

Қостанайда отбасылық үлгідегі балалар үйінің тәрбиеленушісі қаза тапты. Бұл туралы zakon.kz сайты жазады.утонул
Қайғылы оқиға Тоблы өзенінде болды. Тәрбешілер балаларды өзенге шомылдыруға апарған. Олар суға түуге рұқсат етілмеген жерге барған. Педагогтар суға түсіп жатқан балалардан назарын тайдырып әкеткен кезде бір жеткіншек суға батып кеткен. 13 жастағы баланы дер кезінде құтқару мүмкін болмады.
Мамандар оқыс жағдай туралы толық ақпаратты жария етпей отыр. Білім бөлімінің қызметкерлерінің айтуынша, тәрбиешілердің бірі жұмыстан қуылып үлгерген. Енді бұл істің жай-жапсарымен полицейлердің айналысатыны белгілі.
"Тәрбиешімен 4 бала шомылуға барған. Ол балаларды бақылаудан тыс қалдырысымен-ақ бір жеткіншек суға батып кеткен. Тәрбиешіге шара қолданатын боламыз. Ол жұмысынан қуылды. Ісі жан-жақты қаралады. Қаза болған бала 2007 жылы толған", – дейді Қостанай облыстық Білім басқармасының бөлім басшысы Гүлнар Досмұхамедова.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓