COVID-19 кен алыбына жетті

«ССКӨБ» АҚ Ақмола облысына қарасты бөлімше қызметкерінің COVID-19 инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы кәсіпорынның корпоративтік коммуникациялар қызметі хабарлайды. 
18 мамырдан бастап еңбек демалысында болған қызметкер емханада жыл сайынғы жоспарлы тексеруден өткен. Коронавирус инфекциясына жүргізілген тестілеу оң нәтиже беріп, ол үй карантиніне жіберілді.
Қызметкермен қарым-қатынаста болған тұлғалар тізімі анықталып, науқастың жеті әріптесі оқшауланды. Қызметкердің жұмыс орны мен оның барлық жүрген орындарын СЭҚ мамандары мұқият дезинфекцияды.
Бүгінде кен алыбы қалыпты тәртіпте жұмыс істеп тұр, өндірістік процес еш өзгеріссіз жүзеге асырылуда.
– Біз ауырған әріптесімізге барлық қажетті көмек көрсетеміз және оның тез арада сауығып шығуына тілектеспіз. Біздің негізгі басымдығымыз – бізде жұмыс істейтін адамдардың, олардың отбасыларының және жергілікті қоғамдастықтардың әл-ауқатын арттыру. 
ССКӨБ және ERG тұтынушылар алдындағы міндеттемелерін одан да әрі толық көлемде орындау үшін қолдан келген мүмкіндіктің барлығын жасайды, – делінген хабарламада.

Қуаныш Есқабыл

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓