COVID-19: +3

Қостанай облысында симптомдары бар коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 3 жағдайы тіркелді  (2020 жылғы 9 маусымдағы мәліметі бойынша)  
COVID-19 Жітіқара қаласында және облыс орталығында тұратын 1990, 1988 және 1995 жылғы ер адамдарда расталды. Бұрын сырқаттанған адамдармен байланысқаннан зертханалық анализдер алынды.  Ауруханаға түскен кезде пациенттерде жеңіл қабынба белгілері болды. Жағдайлары қанағаттанарлық.  
Пациенттер жұқпа аурулар стационарына жатқызылды, байланысқан адамдар анықталды. Эпидемиологиялық тексеру жалғасады.   
09.06.2020 жылғы мәліметі бойынша Қостанай облысында коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 208 жағдайы анықталды, олардың ішінде 141 адам емделіп, жазылып шыққан.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓