Серпінді төрт жоба

Қостанай облысында жалпы сомасы 350 млрд теңге болатын 4 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Олар 1330-ға жуық жаңа жұмыс орнының ашылуына себепкер болмақ. Бұл жөнінде облысқа "КАМАЗ" ЖАҚ делегациясының келуіне орай өткізілген жиында айтылды.
Аталған жобаларды Қостанай облысының басшылығы "КАМАЗ" компаниясымен бірлесіп жүзеге асыруда. Серіктестер шойын құю зауытының және ауыл шаруашылығы көліктерінің бөлшектерін шығаратын зауыттың құрылыс алаңына барды. Сондай-ақ, жүк автомобильдерінің жетекші көпірінің арқалығын өндіруді жетілдіруге бағытталған үшінші жобаны іске асыру жоспарлануда.
Төртінші жоба көлік-логистикалық қызмет көрсетуге, оның ішінде "КАМАЗ" зауыттарынан және облыстың машина жасау кәсіпорындарынан дайын өнімді тасымалдауға бағытталған.
2022 жылға қарай компанияның автопаркінде 250 техника болады, ал 2025 жылға қарай кәсіпорынның иелігінде 1500 жүк көлігі болады деп жоспарлануда. Осы мақсатта жаңа кәсіпорын – "AUTOCARGOKZ" ЖШС құрылды.
Құрылыс жұмыстарын тексеру барысында Архимед Мұхамбетов "КАМАЗ" компаниясының басшылығымен бірге өткен жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысын шығарып, келесі жылға арналған жоспарларды талқылады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓