COVID-19: 205 адамнан анықталды
Қостанай облысында симптомдары бар коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 3 жағдайы тіркелді.
(2020 жылғы 8 маусымдағы мәліметі бойынша)
Анықталған тұлғалардың бәрі Қарабалық ауданның тұрғындары. ПТР диагностикалық зерттеулердің нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы 1994 жылғы ер кісіде расталды. Бұл азамат Ресей Федерациясынан келген, профилактикалық мақсатта тексерілді.
Сондай-ақ COVID-19 2003 жылғы оқушыда анықталды. Жасөспірім бұрын сырқаттанып қалған емделушімен байланысқандықтан эпидкөрсеткіштер бойынша тексерілді.
Сол күні зерттеуің ПТР әдісімен анализдің оң нәтижесі 1968 жылғы әйелде анықталды. Профилактикалық мақсатта тексерілді.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес емдеу шараларын алып жатыр. Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін науқастармен байланысқан адамдар анықталуда. Аурудың ошақтарында зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілді.
2020 жылғы 8 маусымдағы мәліметі бойынша Қостанай облысы аумағында коронавирустық инфекцияның 205 жағдайы тіркелді.