Қаржыландыру 12 есеге артты

Ағымдағы жылы өңірге жоғары технологиялық медициналық қызметтерді көрсетуге 87 млн теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 12 есеге көп. Сондай-ақ, осы жылдың төрт айы ішінде облыстың медициналық ұйымдарында 2,9 млн теңгеге консультативті-диагностикалық қызметтер көрсетілген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 77 пайызға көп.
Қостанай облысы бойынша медициналық сақтандыру қорының директоры Сәуле Аймұхамбетованың айтуынша, өткен жылы жоғары технологиялық медициналық қызметтерді халықтың тек әлеуметтік осал санаттары ғана тегін алған, оның ішінде жүкті әйелдер, 18 жасқа дейінгі балалар мен зейнеткерлер.
-Ал, биылдан бастап ЖТМҚ жоспарланған ауруханаға жатқызуда МӘМС жүйесінің барлық қатысушылары үшін ақысыз болды. Жалпы, көмектің осы түрін қаржыландырудың ұлғаюы оларды алуды күту уақытын қысқартады және жаңа қызмет жеткізушілерді тартуға көмектеседі. Сонымен бірге, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында ғылыми орталықтарында жоғары технологиялық қызметтерді қолдану арқылы емделуге болатындығын ескертеді. Барлығын қосқанда, осы шаралар халыққа жоғары технологиялық медициналық көмектің қол жетімділігінің артуына ықпал етуі керек. Атап өтсек, қызметтер тізіміне заманауи алдыңғы қатарлы әдістерді қолданумен жүзеге асырылатын бірегей технологиялар енеді. 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар төленгеніне қарамастан азаматтарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетіліп келе жатқанын атап өткім келеді, – дейді С.Аймұхамбетова.
Қор мамандарының сөзінше, 1 шілдеден бастап, егер адам МӘМС-ке жарналар енгізбесе, онда ол сақтандырылмаған болып саналады және медициналық қызметтерді тек тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында ала алады. МӘМС енгізілген медициналық қызметтер ақылы негізде қолжетімді болады. Егер сіз азаматтардың әлеуметтік қорғалатын санатына кірсеңіз, ресми түрде жұмыс жасамасаңыз, жеке кәсіпкер болмасаңыз, сақтандырылған мәртебені алу үшін МӘМС-ке айына 2125 теңге мөлшерінде жарна немесе  БЖТ (қала үшін 2651 теңге, ауыл тұрғындарына 1326 теңге) төлеуіңіз қажет.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓