Жаңа әліпби бізге жат емес

        Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру  бүгінде күн тәртібінде тұрған негізгі мәселелердің бірі. Әрине, бәрі бір күнде бола салмайды.  Ең алғаш рет бұл әңгімені 2006 жылы Елбасы көтерген. Арада алты жыл өткенде Н.Назарбаев халыққа арнаған кезекті Жолдауында мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіру туралы тағы ой қозғап, оны 2025 жылы аяқтау қажеттігін айтқан.Содан бері бұл мәселе ауық-ауық қоғамның қызу талқысына түсіп, жан-жақты талқыланып келеді.IMG_3187        -Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қазақ тілін латын әліпбиіне кезең-кезеңімен көшіру туралы бастама көтерді. Бұл ретте, латын графикасына көшудің негізінде, бір жағынан терең тарихи логика, екіншіден, қазіргі ХХІ ғасырдағы ғылым-білім беру процесі үшін маңызы зор әлемдегі технологиялық орта және коммуникация ерекшеліктері жатыр, – деді облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлжан Меңдекинова журналистермен өткен баспасөз брифингте.
          Басқарма басшысының айтуынша, бірінші кезеңде қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы стандартты нұсқасы қабылданбақ. Екінші кезекте жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды  және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындау жұмыстары қолға алынады.IMG_3182          Мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіру туралы іс-шараларды ұйымдастыру үшін облыстық тілдерді дамыту басқармасы жанынан жиырма үш адамнан тұратын ақпараттық-түсіндіру тобы құрылды. Бұл топқа жоғарғы оқу орындарының оқытушылары – ғалымдар, депутаттар, қоғамдық мекемелердің өкілдері мен мемлекеттік қызметкерлер енді.
          Бұған көмек ретінде облыстық тілдерді дамыту басқармасы арнайы тұжырымдама әзірлеген. Барлық шара  семинарлар, халықпен кездесу, интернет ресурстар арқылы ұйымдастырылады. Ал өңірлерде арнайы мониторинг пен әлеуметтік сауалнамалар жүргізіледі.
       Брифингте ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, белгілі ғалым Алмасбек Әбсадық өз ойын былай сабақтады:
       -Өздеріңізге белгілі, қазір латын қарпінің екі нұсқасы әзірленіп жатыр. Оның қайсысы болады, әзірге осы мәселе төңірегінде талқылаулар жүріп жатыр. Бірінші, таза филологтардың бағыты. Ол – жаңа графикада тілдің дыбыстық ерекшеліктері сақталуы және  орфографияны жөндеп алсақ деген  мәселе қозғалды. Ал екінші бағыт – ІТ-технологиямен айналысатын мамандар. Олардың ұстанған бағыты жаңа латын графикасына негізделген қазақ алфавиті қазіргі технологияға сай болу керек дегенге саяды. Қазіргі компьютер клавиатураларына ыңғайлы болуы керек. Бізге Түркия немесе басқа елдер қолданып жүрген бір ноқат, екі ноқат дегеннің қажеті шамалы деген ой айтады. Қазіргі негізгі талқылаулар осы екі топтың арасында жүріп жатыр. Бірақ, Президен өзінің соңғы сөзін әлі айтқан жоқ. Негізі, ол кісі өз әңгімесінде қазақ тіліндегі кейбір қажетсіз әріптерді жаңа графикада қосып жазу керектігін айтып жүр.IMG_3198        Жалпы, латын әліпбиі бізге бөтен емес. Өткен ғасырдың 1926-40 жылдары халқымыз дәл осы латын қарпін қолданғаны белгілі. Ғалымның пікірінше, қазақтың латын әліпбиіне жақындығы өте әріден басталады. «Біздің ата-бабаларымыз Алтын орда заманында осы латын графикасымен тығыз қарым-қатынаста болған. Сол кезде жарық көрген «Кодекс Куманикс» деген жазба бар. Сонда біздің түркі сөздері латын қарпімен белгіленгені жазылған. Сондықтан, бұл бізге жат нәрсе емес».
        Қазіргі таңда латын қарпіне көшу жұмыстары облыс әкімінің қадағалауында тұр дейді брифинге қатысқандар. Маусым, шілде, тамыз айларында облыс басшысы А.Мұхамбетов аудан, қала басшыларымен селекторлық кеңес өткізіп жергілікті атқарушы билік өкілдеріне нақты тапсырма жүктеген.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓