Коронавирус: тағы 12 адам тіркелді

сайт11111

Қостанай облысында COVID-19 сырқаттанудың 12 жағдайы анықталды.  (2020 жылғы 30 мамырдағы мәліметі бойынша).       

Коронавирустық инфекция Қостанай және Лисаковск қалаларында «Тенгизшевройл» кәсіпорынның жұмысшыларында анықталды. 1981 және 1980 жылғы ерлер 28 мамырда вахталық жұмысшылар тобының құрамында келді. Аталған азаматтар зертханалық тексеру нәтижелерін алғанға дейін жергілікті атқарушы органдар белгілеген үй-жайларда орналастырылды.

Жітіқара қаласында СOVID-19 9 жағдайы тіркелген. 8-ден 53 жасқа дейінгі пациенттер жұқпалы аурулар стационарларға жатқызылды. Барлығы бұрын жұқтырған пациенттермен жақын байланыста болды.

Облыс орталығында COVID-19 инфекциясы Ресей Федерациясынан «Қайрақ» автоөткелі арқылы келген 1998 жылғы студент қызда расталды. Қыз ПТР талдау алғанға дейін карантиндік стационарда жатты.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес емдеу алып жатыр.

Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін науқастармен байланыста болған адамдар анықталуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.

30.05.2020 жылғы мәліметі бойынша Қостанай облысында COVID-19 177адамда анықталды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓