Қостанайда күн райы 2 градусқа жылиды
“Қазгидромет” РМК филиалының дерегі бойынша Қостанай облысы аймағында 4-ақпанда тәулік бойы боран, көктайғақ, оңтүстік-батыстан соққан жел ұйытқып 15-20 м/сек, 23 м/сек болмақ.
Қалалық баспасөз қызметі хабарлағандай, осыған орай барлық коммуналдық кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер, ұйымдар қар тазалауға жұмылдырылып, оның шығарылуына көңіл бөлулері керек.
Қала әкімі Б.Жақыпов барлық қалалық қызмет басшыларына, білім, денсаулық сақтау мекемелеріне және өзге кәсіпорындарға, жекеменшік иелеріне, ғимаратты жалға алушыларға, ПКСК-ларға бірінші орында шатырда жиналған қар мен мұздан тазартуға шақырады. Сонымен қатар өздеріне тиесілі аймақты қардан тазартып, подъезд алдын тазалап, қарды тиісті жерге шығаруды тапсырды.
Апта соңы және демалыс күндері ауа температурасы жылылықты сақтайды. Сол себептен абай болып, қолдан келген бар жұмысты атқару қажет.
Айтолқын АЙҚАДАМОВА