Қамыстыға іссапар (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Өткен демалыс күндері Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Қамысты ауданына жұмыс сапарымен барды. Аймақ басшысы бұл өңірдің әлеуметтік-экономикалық тыныс-тіршілігімен танысып, көптеген нысанды аралады. Іссапар барысы туралы ол "Инстаграм" желісіндегі жеке парақшасында жазды.5fd548f9-bae6-47e1-9196-b7aea6216d89b27ad511-335a-4339-97f0-5290006cfff6Облыс әкімі әуелі «Жітіқара-Қамысты-Ливанов» автомобиль жолы учаскесінің жөндеу жұмыстарын барлап қайтты. Бұл нысанның мердігері – «Қостанай Жолдары» ЖШС. Құны 523,7 млн теңге болатын жобаны аталмыш ұйым осы жылдың қыркүйек айында аяқтауды жоспарлап отыр.5607ada7-c87e-4e31-9993-8baa63c45098"Бұдан әрі Қамысты ауылындағы «Юность» стадионына бардым, – деп ақпарат береді А.Мұхамбетов. – Стадионда қайта құру жұмыстары жүргізілуде, стадионның сыйымдылығы 2500 орынды құрайды. Жоба «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында жүзеге асырылуда. Жөндеу барысында әкімшілік-тұрмыстық ғимарат, трибуна қайта  қалпына келтірілiп, сондай-ақ жасанды көгал мен жүгіру жолдары төселеді".f56cd87a-3fdd-49b4-a641-10aa8a968f5ec98ff84a-0852-4e8d-885e-307b6c99d202b432549b-c4aa-44b6-a7fe-b9f7f6473f0489457981-7501-4719-8d85-139276911eeeСтадиондағы құрылыс жұмыстарын жүргізуге 540,4 млн теңге қарастырылған. Жобаны осы жылдың жазында аяқталмақ.7ef489cc-59f1-467d-8e21-892b74793e5287cc1516-42da-4435-ad48-8633b859dd2ec4a4dfe6-6ac6-4e4b-90da-6891f3ede3bcc46a36f6-09ee-4412-97dc-fe21a28c246ba76144e5-615b-414d-921e-dc413a3806ddӘр өңірге жасаған іссапарындағы әдеті бойынша, аймақ басшысы аудан әкімдігінде орналасқан «Қамысты ауданы – адалдық алаңы» фронт – кеңсесіне де ат шалдырды. Басқа өңірлердің фронт-кеңселеріне ұқсас, мұнда да азаматтарды қабылдау және кеңес беру тұрақты жүргізіледі, сондай-ақ электрондық үкімет сервистеріне қолжетімділікті қамсыздандыратын өзіне-өзі қызмет көрсету секторы бар.cb62c2c3-ae51-4827-89f1-63c796a8f8a6d070517f-393b-4a7c-ade9-aa176732b1518a86da8b-1958-4bde-8852-c9956ef79a3e8ab77f84-22b5-4d0e-9a39-e520532148b44488da51-ca21-414b-b93a-54fd776e8b15Сондай-ақ, Архимед Бегежанұлы аудандағы көктемгі егіс жұмыстарымен танысуды жоспарға алған. Ол қырман басындағы қызу жұмысқа куә болу мақсатында «Алтын-Масақ» ЖШС алқабында болды. Бұл серіктестіктің ауыл шаруашылығы алқаптарының жалпы көлемі 15,1 мың гетарға жетеді. Оның ішінде егістік танабының аумағы – 13,8 мың га. Тиісінше, облыс әкімі қамыстылық диқандармен, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесу өткізді. Жиын басында егіс науқанын әрі қарай дамыту мен цифрландыру мәселелері талқыланды. f0828d96-a0d1-46a4-8d10-dc7fff587cc352d87d9f-f3d9-4a66-8113-e4e9b3265eb1Аудан әкімі Ғазиз Бекмұхамедов берген ақпарат бойынша, Қамысты ауданындағы осы жылғы жалпы жаздық егіс 324,5 мың гектарға жетіп отыр. Бидай  дәні сіңірілген егіс алқабы – 289,0 мың га, майлы дақылдар – 9,4 мың га, картоп пен көкөніс – 9 га, азықтық дақылдар – 12,6 мың га, бақша дақылдары – 58 га.
Жұмыс сапарын қорытындылаған облыс әкімі Қамысты ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты нақты тапсырмалар берді.
 
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓