Емханалардың жұмыс режимі өзгертілді
Карантин енгізілуіне байланысты өңірдің денсаулық сақтау нысандары да жұмыс уақытын қысқартқан болатын. Мәселен, қаладағы емханалар емделушілерді 17 сәуірден бастап бүгінге дейін сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін қабылдады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, енді 20 мамырдан бастап емханалар 8.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Ал, №4 емхананың базасында орналасқан провизорлық емхана 8.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді.
Ведомство өкілдері барлық пациенттерге емханаларға бетперде киіп, қауіпсіз қашықтықты сақтауды ескертеді.