Өнім – өзіміздікі

      маде ин КЗ«Мықты бизнес-қуатты мемлекет»  жобасы шеңберінде Федоров ауданында «Қазақстанда жасалған» атты акция өтті. «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы ұйымдастырған бұл шара  отандық өнім өндірушілерді қолдауға арналды.Нұротандықтар   сауда нүктелерін аралап, жергілікті кәсіпкерлер өндірген тауарлармен танысты. Партия мүшелері алдымен Федоровтағы зығыр майын шығаратын зауытқа барды.
       Жалпы, аудан ауылшаруашылық тауар өндірушілері зығырды 2009 жылдан бастап өсіре бастады. Ал одан сұйық май өндіретін зауыт 2012 жылдан бері жұмыс істейді. «Жаркөл-007»ЖШС директоры Владимир Заверуха «Қазақстанда жасалған» акциясы отандық нарықта зығыр майына деген сұранысты арттырады деген сенімде. «Зығыр майы өте пайдалы болғанмен, елімізде оған сұраныс аз. Сондықтан, мына акция біз сияқты кәсіпкерлердің бизнесін жандандыруға өз септігін тигізері даусыз. Бүгінде біздің  өнімдеріміз Қытай, Ауғанстан тәрізді бірнеше шет мемлекеттерге экспортталады»,-дейді кәсіпорын басшысы.
      Дүкен сөрелерінде жергілікті өнімдер толып тұр.
       -Мен  тек қана өзімізде шығарылған азық-түлікті  тұтынамын. Олар  экологиялық жағынан таза. Сондықтан, үнемі отандық тауарларды сатып алуға тырысамын.Сапасы жаман емес,-дейді Федоров кентінің тұрғыны Татьяна Фаст.дукеен
        Айтпақшы, дүкен сөрелерінде самсап тұрған тауарлардың тұсына «Қазақстанда жасалған» деген тақтайша ілініпті.
        -Өз тауарларына сараптама жүргізген кәсіпкерлермен сөйлестік. Олардың өздері сөрелердегі тауарлардың 50%-ы отандық өнімдер.Сондықтан, барша тұтынушыларды тек елімізде шығарылған өнімдерді сатып алуға шақырамыз,-дейді «Нұр Отан» партиясы Федоров аудандық филиалының жетекшісі Евгения Жданова.
        Жалпы, Федоровта 2 диірмен, 3 май шығаратын зауыт, 2 сүт-тауарлы фермасы және шұжық өндіретін бірнеше цех жқмыс істейді. « Жұртттың көбі жергілікті өнімдерді сатып алуға құштар.Біз ең алдымен халықтың сұранысын өтейміз. Олардың нені көбірек тұтынатындығына мән береміз. Негізі, біздің сауда орындарындағы тауарлардың 90%-ы отандық өнімдер.Мәселен, шұжықтар Ресейден де әкелінеді. Бірақ, ел өз өнімдерімізге ғана мойын бұрады. Өйткені, онда еш қоспа жоқ.Сапасы жоғары. «Баян сұлудың» кәмпиттері де өтімді»,-дейді дүкен иесі Юрий Муковин.
Айбек КӘДІРҰЛЫ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓