Жүз ғасырға жасарып ал, Жер-ана! (Фоторепортаж)
Айдап әкеп салдым-ау деп қақпанға,
Алдымызда, өтінемін, ақталма:
Терең-терең тыныстап ал, Жер-ана,
Біз әзірге байлаулы боп жатқанда.
Алдымызда, өтінемін, ақталма:
Терең-терең тыныстап ал, Жер-ана,
Біз әзірге байлаулы боп жатқанда.
Айналдырып алдым-ау деп құрбанға,
Адам үшін, өтінемін, мұңданба:
Жүз ғасырға жасарып ал, Жер-ана,
Біз әзірге бұғаулаулы тұрғанда.
Адам үшін, өтінемін, мұңданба:
Жүз ғасырға жасарып ал, Жер-ана,
Біз әзірге бұғаулаулы тұрғанда.
Зар илетіп қойдым-ау деп бір демде,
Адам үшін, өтінемін, күңіренбе:
Сырқатыңнан айығып ал, Жер-ана,
Біз әзірге сырқаттанып жүргенде.
Адам үшін, өтінемін, күңіренбе:
Сырқатыңнан айығып ал, Жер-ана,
Біз әзірге сырқаттанып жүргенде.
Перзенттерім жаудырды-ау деп лағнет,
Уайымдама, өтінемін, сабыр ет:
Сен адасың күнәдан,
Сенің ғана жағыңда әркез әділет!
Уайымдама, өтінемін, сабыр ет:
Сен адасың күнәдан,
Сенің ғана жағыңда әркез әділет!
Біз (әзірге) тәубеге кеп отырмыз…
Бұл – ақын Жандос Жүсіпбектің өлеңі. Қазіргі жағдайды дәл сипаттайды. Сездіреді. Расымен, карантин экономикаға оңай болмағанымен, экологияға қолайлы болып тұр. Экологтар табиғатта біраз өзгеріс байқалғанын айтады. Әсіресе ауадағы азот диоксиді мөлшері едәуір азайған. Табиғат ұзақ жылдан бері бірінші рет кең тыныстап, дамыл тапты, аспан шайдай ашылды. Көлік кептелісі мол қалаларда көмірқышқыл газы мен азот тотығы қалыпты жағдайдан екі есе азайған. Бұған өндіріс пен кәсіпорын жұмысының уақытша тоқтауы, стансалар жұмысының бәсеңдеуі де әсер еткен. Ақын өлеңінде айтылғандай, біз әзірге тәубеге келіп отырмыз. Алайда, бұл мерзімді шектеу екенін ұмытпайық.
Күні кеше газеттің фототілшісі Бердіболат Көркембаев Тобыл жағасына барып, табиғат "тыныштығын" таспасына түсіріп келген еді. Бірге тамашалайық!