Тынышы бұзылған отбасылар

Қостанай облысында карантин кезеңінде 127 отбасылық жанжал тіркелген. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлайды.IMG-20200430-WA0066

Отбасының шырқын бұзған қостанайлықтың соты карантинге байланысты онлайн-режимде өтті. Облыс орталығының 48 жастағы тұрғыны тұрмысты зорлық-зомбылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылып отыр. Сот шешімі бойынша ол екі күнге қамауға алынды. Әйленің айтуынша, жанұялық жанжалға арақ себеп. 
Қостанай облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Жеңіс Бисембаев атап өткендей, аймақта карантин жарияланған сәттен бастап тұрмыстық құқық бұзушылықтар саны аздап өскен. 
-Ағымдағы жылдың 17-24 сәуір аралығында облыс бойынша отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 127 құқық бұзушылық тіркелген. Бұл жағдайда әйелдер көп зардап шегеді. Негізгі себеп – алкоголь. Әр факті бойынша жеке жұмыс жүргізілуде,-дейді полиция подполковнигі. 
Отбасылық жанжалдың алдын алу үшін үнемі рейдтер мен профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Полиция қызметкерлері есепте тұрғандардың үйлерін тексеріп, тұрмысы нашар отбасыларға барады. 
Жыл басынан бері ҚР ӘҚБтК 73 бабы бойынша 1109 дерек тіркелген, ал өткен жылы дәл осы уақытта 1335 оқиға орын алған. Карантин кезеңінде бұл мәселеге ерекше көңіл бөлінеді. Осы жылдың бірінші тоқсанында 2622 қорғау нұсқамасы жазылып алынды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓