Қостанайлық қос зергер робот жасап шығарды
Қостанайлық қос зергер робот жасап шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат astanatv.kz сайтына сілтеме жасап.
Олар туындыға ауыл шаруашылық техникаларының ескі бөлшектерін пайдаланған. Қолөнер шеберлері алып құлтемірді үш ай бойы құрастырған. Темірден түйін түйген әкелі-балалы ұсталардың алдағы уақытта көрме ұйымдастыру жоспары да бар.
Қостанайлық қолөнер шеберлері жасаған «Алып адамның» биіктігі – 3 метр, ал салмағы 2 тоннаға жуық. Шойын туындыны құрастырып шығару үшін олар көбінесе, ауыл шаруашылық техникасының қосалқы бөлшектерін қолданған. Әкелі-балалы Сабыр мен Марлен әуелі қаладағы темір қабылдау бекеттерін аралап, өздеріне қажет бөлшектер іздеген. Қажетті тетіктер түгел табылған соң құрастыруға кіріседі. Шеберлер шойын адамды жасап шығару үшін жүз мың теңгеден астам қаражаттары кеткендігін айтты. Қостанайлық ұсталар темір мүсін құрастыруды екі жыл бұрын қолға алған. Осы уақытқа дейін бес туынды жасапты. Зергерлердің кейбір темір түйіндері қала орталығы мен саябақтарға қойылған.