Қазақ жігітінің ерлігі
Ресейдің әскери полигонында қазақ полковнигі гранатаны денесімен жауып, қасында болған сарбаздарды құтқарып қалды. Ең ғажабы, оны өзі жарылыстан аман қалған, деп жазады «Айқын» газеті «Экспресс-К» басылымына сілтеме жасап.
Свердловск облысының Лесное қаласында Ішкі әскердің 3275 әскери бөліміндегі оқу-жаттығулар кезінде кіші сержант Теленин қолындағы РГД-5 гранатасын түсіріп алған. Сол жерде болған бөлім командирі, полковник Серік Сұлтанғабиев ойланбастан гранатаны денесімен басып қалады. Соның арқасында жарылыстан сарбаздардың ешқайсысы зардап шекпеген, бірақ олардың құтқарушысы, командир ауыр жараланады.
Полковник Сұлтанғабиев жедел жан сақтау бөліміне жеткізіліп, оған Екатеринбургтен арнайы тікұшақпен келген Ресей ІІМ Ішкі әскері, 5-ші әскери госпиталі дәрігерлерінің реанимациялық бригадасы ота жасап, полковникті аман алып қалады. Басылымның жазуынша, мамандар Сұлтанғабиевтың өміріне қауіп жоқ екенін айтады.
Ресей қаһарманы атағын беруі мүмкін. 2012 жылы ұқсас оқиға болған, майор Солнечниковке президент Медведев бшр-екі апта өтпей Ресей қаһарманы атағын берді.
Меңдіқарадағы туыстарымен сұхбат жариялаған дұрыс болар еді.