Алғашқы лек – 20 студент

Бүгін Қостанайға "КАМАЗ" ЖАҚ және Қазан федералдық университетінің Набережные Челны институты өкілдерінің делегациясы келді. Сапар аясында қонақтар 2024 жылдың екінші жартысында іске қосу жоспарланған Қостанай индустриялық аймағындағы "КamLitKZ" ЖШС зауытының құрылыс алаңына барып, Ахаң атындағы университеттегі жиынға қатысты."КАМАЗ" ЖАҚ бас директорының персоналды басқару, ұйымдастырушылық даму және корпоративтік басқару жөніндегі орынбасары Жанна Халиуллина және Қазан федералды университетінің Набережные Челны институтының (филиалының) ректоры Махмут Ганиев бастаған делегация А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ басшылығымен кездесті.  Бұл жиында құрылысы жүріп жатқан зауытқа мамандар даярлаудағы әріптестік мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, "Қос диплом" бағдарламасы туралы сөз болды.Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы машина жасау саласындағы келісім аясында, 2021 жылдың маусым айында Ахаң атындағы Қостанай өңірлік университеті мен Қазан федералдық университетінің (ҚФУ) Набережные Челны институты арасында Қазақстанның машина жасау саласы үшін кадрлар даярлауға бағытталған меморандумға қол қойылған болатын.Бұл университетке қосдипломды білім беру бағдарламасын жүзеге асыруға кірісуге мүмкіндік берді. Бүгінде инженерлік-құрылыс институтының 1-курсында "Машина жасау" мамандығы бойынша 20 студент осы бағдарламасы бойынша білім алып жатыр. Олар алғашқы екі жылда Қостанай  университетінде, ал Набережные челны қаласында 3-4 курста оқиды. Оқуды бітіргеннен кейін олар екі диплом алады: ҚӨУ және ҚФУ дипломдары. Болашақта олар Қостанайда салынып жатқан жаңа зауыттардың алғашқы мамандарына айналады. Бүгін олар ҚФУ ректор Махмут Ғаниевтің қолынан студент билеттерін алды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓