Карантин мезгілінде бақылауға жауаптылар
Өңірдегі карантин мерзімінде 29 блок-бекет жұмыс істеп, 33 мобильді партруль мен 300-ден астам полицияның жаяу патрулі қамтамасыз етеді. Облыс аумағында карантинді енгізу мәселелері бойынша тұрғындардың сұрақтарына «Фейсбук» және «Instagram» желісі парақшаларында жауап берген Қостанай облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы полиция подполковнигі Құрмет Мәжікенов пен әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Андрей Григоревскиймен бірге жауап беру кезінде айтты.
«Карантиннің алғашқы екі күнінде полиция тұрғындар арасында карантин тәртібін сақтау жөнінде түсіндіру шараларын жүргізеді. Одан кейін төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін айыппұлдар сала бастайды. Патрульдердің барлығы планшеттермен қамтылған, олар көліктер мен адамдардың жүріп-тұруы жөнінде рұқсатының бар-жоғын база арқылы анықтайтын болады. Негізгі шектеулер саяжай ұстайтындарға қатысты болмақ. Осы сауал төңірегінде желілер мен телефон арқылы сұрап жатқандар көп. Яғни, саяжайға 1 мамыр – карантин мерзімі аяқталғанша, бара алмайсыз. Әрі бұл норма Қостанай облысының бас санитарлық дәрігерінің қаулысында нақты көрсетілген», – деді спикерлер.
Жұмысыңызға бару үшін өзіңізбен бірге анықтама болуы шарт. Егер сізді патруль тоқтатқан жағдайда сіз қайда бара жатқаныңызды, жүріп-тұрудың қажеттілігі жайында тәртіп сақшыларына нақты айтып беруіңіз керек. Себебі, бұл ақпараттың анық-қанығын полиция өкілдері қайта тексеретін болады.
«Қызметін тоқтатпай жұмыс істей беретін кәспорындар әкімдіктердің кәсіпкерлік бөлімдеріне көліктерінің жүріп-тұруына рұқсат алу жөнінде өтінім берулері қажет. Бұл ақпарат полицияға жолданады», – деді полиция өкілдері.
Ал таксиге қалалардың ішінде ғана қозғалуға рұқсат, қаладан тысқары шықпайды. Қоғамдық көліктер тоқтайды. Тек қалалық кәсіпорындарға жұмысшыларды тасымалдайтын ұжымдық автобустардың қозғалысына рұқсат беріледі.
Барлық дүкендер сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істейді. Полиция басқармаларының басшылары тұрғындарға сауда жасау барғанда, медициналық маскалар тағып, ара-қашықтық сақтауды ескертті.
Жедел штабтың телефон нөмірлері:
52-64-36
52-64-38
52-60-01
Естеріңізге салсақ, төтенше жағдай режимі басталғалы бері 408 құқық бұзған азамат жауапқа тартылса, олардың 40-ы қамауға алынған.