Жобалар жарысынан жүлделі оралды

27-28 қыркүйекте Астанада IT университетінің базасында Digital Bridge-2022 форумы аясында «Samsung SolveTomorrow» республикалық әлеуметтік жобалар байқауы өтті.
Конкурсты Samsung Electronics Central Eurasia компаниясы ұйымдастырып, қатысушылар түрлі салаларда бірегей IT-шешімдерді әзірлеуден жарысты.
370 команданың ішінен 10 мықты команда іріктелді. Байқаудың мұндай форматы болашақ көшбасшыларға шығармашылық дағдыларын дамытуға және маңызды проблемаларды стандарттан тыс шешуге, ғылым, технология, инженерлік іс және математика арқасында заманауи цифрлық жобаларды әзірлеуге мүмкіндік береді.
Жүлделі орындарды Ақтөбе (Virgo), Қостанай (Ortus) және Шымкент (Kazbionics) оқушыларының командалары иеленді.
Қостанай қаласы білім бөлімінің физика-математика лицейінің «Ortus» командасының құрамында Сергей Трефилов, Александр Цюпай және жоба жетекшілері Александр-Наталья Немцовтар болды. Команда 2-орынға ие болып, 2 500 000 теңгенің сертификатымен марапатталды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓