Кекілдерін жел тараған (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Қостанай ауданының Заречный ауылындағы «Арғымақ» ипподромында ат бәйгесі өтті.IMG_9731
 
IMG_9732
IMG_9725Биылғы ат спортының ашылу салтанатына билік өкілдері, ардагер спортшылар және қостанайлықтар мен қонақтар жиналды. Бәйге басталмас бұрын облыс өнерпаздары қалың қауымға ән-күйден шашу шашты. Ізін ала, ұлттық ойындар – «Қыз қуу», "Жамбы ату" және "Аударыспақ" басталды. Мұнда әуесқой спортшыларға бақтарын сынап көруге мүмкіндік ұсынылды.IMG_9643
 
IMG_9519
IMG_9493
IMG_9527Бұдан әрі жиылған жұрттың назары тай жарыс пен құнан бәйгеге ауды. Сәйкесінше, сәйгүліктер төрт және алты шақырымға шапты. Көптің делебесін көкпар ойыны одан сайын қоздыра түскендей. Білектілер бәсекесіне облыс аудандарының командалары қатысты. Финалда Қостанай ауданының спортшылары әулиекөлдіктерді ұтты. Үшінші орын Денисов ауданының көкпаршыларына бұйырды.IMG_9553
IMG_9721
IMG_9558
IMG_9607Ал аламан бәйгеге Қазақстанның барлық облысы және Ресейден келген бапкерлер шашасына шаң жұқпаған сәйгүліктерін сөреге айдады. Қашықтық – 16 шақырым. Бұл бәйгеде 11 жастағы алматылық Нұрболат Сүнетайдың бабы мен бағы келісті. «Шекер» есімді тұлпары мәрені бірінші кесті. Жеңімпаз «Лада Гранта» темір тұлпарын тақымға басты. IMG_9678
IMG_9665
IMG_9698
IMG_9717
IMG_9670
IMG_9675
IMG_9626
IMG_9656
IMG_9636
IMG_9795
IMG_9775
IMG_9806
IMG_9836
IMG_9884
IMG_9902
 
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓