Біргеміз, берік іргеміз!
Елімізде «Біз біргеміз!» республикалық акциясы қарқынды жүріп жатыр. Оның аясында кез келген адам жалғызілікті қарттарға, тұрмысы төмен, көп балалы отбасыларға, мүгедектерге көмек қолын соза алады.

Бұл игі істен Рудныйдағы «Нұр» мешіті де шет қалмады. Дін қызметкерлері үй-үйді аралап, кеншілер қаласындағы мұқтаж 20 отбасыға азық-түлік пакеттерін,дәрі-дәрмек пен бетперделер таратты.



Айта кетейік, бұл күндері жүрекке жылу ұялататын акцияға «Нұр Отан» партиясының Рудныйдағы филиалымен қатар бизнес өкілдері, кәсіпкерлерлер мен жекелеген тұрғындар үн қосып, көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға жан-жақты көмек қолын созуда.

Қуаныш ЕСҚАБЫЛ