Жас шахматшылары арасында онлайн турнир өтті
Бүгін Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында NIS желісінің оқушыларыарасында «NIS KOSTANAY OPEN Arena» онлайн-шахмат турнирі өтті. Турнирге барлығы 300-ге жуық оқушы қатысты.
Жас шахматшылар фигураларды қарапайым шахмат тақтасында емес, компьютер экранында тінтуірдің көмегімен монитор экраны бойынша жылжытуға тура келді. Белгіленген уақытта турнир жұптары рейтингке сәйкес құрылды. Әр ойынның соңында ойыншылар турнир парағына қайта оралды, оларға турнирлік ұпай саны бірдей қарсыластар берілді. Бұл, қарсыласты күту көп уақытқа алмайды.
НЗМ барлық мектептерін біріктірген «NIS KOSTANAY OPEN Arena» турнирін қосымша білім беру педагогі Әлібек Жігітов lichess.org алаңында ұйымдастырды.
– Аталмыш форматтағы турнир мектепте бірінші реет өткізіліп отыр. Біз үшін бұл тәжірибе қызықты болды. Болашақта шахматшылардың тәжірибесін ескере отырып, басқа спорт түрлерінен интернет-жарыстар өткізуге болады», – деді ҚББП Әлібек Жігітов.
Шахматтың үлкен тәрбиелік әсері: олар зейіннің шоғырлануына, қиындықтарды жеңуге, өзіндік іс-әрекеттерді жоспарлауға, логикалық ойлау қабілетінің дамуына ықпал етеді. Бұл қасиеттердің барлығы өз өмірін ғылымға, технологияны дамытуға арнаған адамға қажет.
Онлайн ойын барысында турнирдің жеңімпазы Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық бакалаврит Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Мирас Әбдішев pdfформатында Қостанай қаласы НЗМ ФМН директоры Д.Сапақов атынан сертификат алды.