Президент жапа шеккен халықпен кездесті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев орман өртінен зардап шеккен тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.
Жедел штабдың жиынынан соң мемлекет басшысы баспанасыз қалған халықпен дидарласты. Мектеп базасындағы пунктің жұмысын көзімен көрді. Ол ауыр жағдайдың алдын алу үшін барлық жағдай жасалатынын айтты.
«Өкінішке қарай, алапат өрт болды. Дегенмен көмек жан-жақты көрсетіледі. Баспанасыз қалғандарыңызды білемін. Үкімен 2-2,5 айда сіздерге жаңа үй салып береді. Олар бұрынғы үйлеріңізден әлдеқайда жақсы болмақ», – деді Тоқаев.
Сондай-ақ, ол еріктілермен де кездесіп, дамылсыз қызметтері үшін алғысын айтты. Оның сыртында барлық өрт сөндірушілерге марапат тағайындалатынын да айтты.