Президент халыққа үндеу жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасады. Бейнеүндеу барлық телеарнаның эфирінен таратылды.gEaHjcGP
Президент Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты ел аумағында 2020 жылғы 16 наурыз бен 15 сәуір аралығында төтенше жағдай енгізген еді. Осыған байланысты, қазақстандықтарды коронавирустың алдын алу шараларын мұқият орындауға шақырды .
«Ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар мен театрлар, көрмелер мен халық көп баратын басқа орындар уақытша жабылады. Оқушылар демалысқа жіберілді. Студенттер қашықтан оқыту жүйесіне көшті. Сондай-ақ азаматтарымыз отбасылық іс-шараларды өткізбегені жөн деп санаймын. Қазақстан аумағына кіруге және шығуға шектеу қойылады. Мемлекеттік шекара бойындағы өткізу бекеттерінде, вокзалдар мен әуежайларда санитарлық режім күшейтілді. Менің тапсырмам бойынша Үкімет қорынан дәрі-дәрмек, тест жүйелерін және зертханаға арналған жабдықтарды алу үшін қаражат бөлінді. Ауруханаларда орын жеткілікті. Осы шаралардың бәрі де азаматтардың денсаулығы үшін жасалып отырған өте маңызды қадамдар», – деді президент үндеуінде.
Сондай-ақ, Президент халықты індеттің алдын алу шараларын мұқият орындауға шақырды. Мұнымен қоса, күнделікті тұтыныстағы тауар бағасының негізсіз қымбаттауына жол берілмейтінін, жалған ақпарат таратқан азаматтардың заңға сәйкес жауапқа тартылатынын айтты.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓