Қылмыстық ахуал тұрақты, дегенмен…
Қостанай облысы Полиция департаментінің бастығы Бекет Аймағамбетов халықпен есеп беру кездесуін өткізді. Қазіргі кездегі облыстағы қылмыстық ахуал және қалмыстық құқық бұзушылықтардың алдын-алу бағытында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндады. Артынша жиналған бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің сауалдарына жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады. Кездесуге онлайн қатысқан тұрғындардың да сұрақтарына жауап беру мақсатында бейне селекторлық режимдегі байланыс жүйесі орнатылды.
-Бүгін мен халық алдында жаңа форматтағы полиция жұмысы туралы есеп беремін. Қазіргі таңда әлемді дүрліктірген «Коронавирусқа» қарамастан, біз интернеттің көмегімен осыншама аудиторияны қамтып отырмыз. Мен есептік кездесуді азаматтарды қабылдау, олардың өзекті мәселелерін шешу алаңы ретінде қарастырамын. Екінші жыл қатарынан ІІМ жүйесінде Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарын жаңғырту бойынша 2019-2021 жылдарға арналған Жол картасы іске асырылуда. Полиция халыққа қызмет көрсетудің жаңа үлгісіне көшуде. Басты нәтиже – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сапалы қызмет көрсету, -деді Бекет Иманұлы.
Жыл басынан бері Полиция департаментіне 110-нан астам алғыс хат келіп түскен. Олардың басым бөлігі патрульдік полицейлерге жолданған. Олар жолда қалған жүргізушілерге, өрттен адамдарды құтқаруға қатысқан қызметкерлерге көмек көрсетті.
Өңірде қылмыстық ахуал тұрақты. Соңғы үш жылда қылмыстың төмендеуі байқалады болады. Атап айтқанда, биыл өңірдегі қылмыс 33% -ға төмендеген.
-Ауыр және аса ауыр қылмыс түрлерінің ашылуы жақсарды. Біз кісі өлтіру, зорлау, тонау, қарақшылық, қорқытып алу және бұзақылық сияқты қылмыстардың 100% -ын ашуға қол жеткіздік. Алаяқтықтың, оның ішінде интернет желісі арқылы жасалған қылмыстардың ашылуы 20%- ға артты. 100% ауыр пәтер ұрлығының ашылуы, онда шығын бір миллион теңгеден асады, – деді ол.
Өңірде қылмыстық ахуал тұрақты. Соңғы үш жылда қылмыстың төмендеуі байқалады болады. Атап айтқанда, биыл өңірдегі қылмыс 33% -ға төмендеген.
-Ауыр және аса ауыр қылмыс түрлерінің ашылуы жақсарды. Біз кісі өлтіру, зорлау, тонау, қарақшылық, қорқытып алу және бұзақылық сияқты қылмыстардың 100% -ын ашуға қол жеткіздік. Алаяқтықтың, оның ішінде интернет желісі арқылы жасалған қылмыстардың ашылуы 20%- ға артты. 100% ауыр пәтер ұрлығының ашылуы, онда шығын бір миллион теңгеден асады, – деді ол.
Екі жылға жуық облыста тұрғын үй аулаларында жаяу патруль қызметін атқару тәжірибесі жалғасуда. Осының арқасында көшедегі қылмыс 22%-ға, ал қоғамдық орындарда 39%-ға төмендеді. Сондай-ақ, мас күйінде жасалған қылмыстар саны азайды. Жасөспірімдер қылмысы мен кәмелетке толмағандардың өздеріне қатысты қылмыс жасау көрсеткіші 65%-ға жуық төмендеді.
«1 ақпаннан бастап көлікке мас күйінде отыратын жүргізушілермен күресті басталды. Қосымша күшейтілген кезекшіліктің нәтижесінде бір ай ішінде 197 мас жүргізушіні құрықтадық, оның 138-і 7 жылға автомобильді басқару құқығынан айырылды. Қалған материалдар сотта қаралып жатыр. Көлікке мас күйінде отыруға жаза қатаңдатылғанымен, әлі де одан сабақ алмай отырғандар да бар. Бұл жол-көлік оқиғаларының және жалпы қылмыстың өсуімен тікелей байланысты. Өткен жылы облыста 388 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 60 адам қаза тапты. 486 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды. Өткен жылы патрульдік полиция қызметкерлерінің араласуымен 695 қылмыстың беті ашылды. "Ізін суытпай" ашқаны үшін қызметкерлерге сыйақы берілді», – деді Бекет Иманұлы.
Өткен жылы қоғамдық тәртіпті сақтауға мыңнан астам полиция ерікті көмекшілері қатысты. Олар 12 қылмысты ашып, 517 әкімшілік құқық бұзушыны ұстады. Көрсетілген көмек үшін 255 полиция көмекшісі 5 миллион теңгеден астам сомаға марапатталды.
«Біз «Регион 10» іздестіру тобын құру бастамасын қолдадық. Қазіргі уақытта еріктілерді рация және арнайы кеудешелермен жабдықтау мәселесі шешілуде. Тек өткен жылы ғана полиция, оның ішінде волонтерлер көмегімен жоғалған 91 азаматты іздеп таптық. Мәселен, өткен жылы қараша айында Мәскеу түбіндегі Ступино қаласында Қазақстан азаматы ұсталды. Ол ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеу жарияланған болатын. Осыдан төрт жыл бұрын ол бірнеше серіктесімен бірге сейфтен қаланың ірі ұйымының бірінен 65 млн теңге ұрлаған еді. Жедел-іздестіру іс-шараларының арқасында ұсталды және оны экстрадициялау мәселесі шешілуде, – деді Бекет Иманұлы.
Полиция жұмысының тағы бір жаңалығы департаменттің табиғатты қорғау полициясы тобы штат санының ұлғаюымен бөлім болып қайта құрылды. Криминалдық, табиғатты қорғау полициясы мен жедел-криминалистикалық қызмет қызметкерлерінен құрылған мамандандырылған жедел-іздестіру тобы құрылды. Тиімді жұмыс үшін қажетті көлік, құрал-жабдықтармен жабдықталды. Ақбөкендер мен басқа да сирек кездесетін жануарлар мекендейтін аймақтарымыз Қарағанды, Ақмола және Ақтөбе облыстарымен шектеседі.
-Өткен жылы табиғат қорғау полициясының қызметкерлері осы салада 700-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтап, 5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл өндірілді. Қылмыстық тәртіпте 53 қылмыстық тергеу жүргізілді, оның ішінде заңсыз аң аулау үшін 19 қылмыстық іс қозғалды. Браконьерлер тобы Жанкелдин мен Науырзым аудандарында қолға түсті, – деді ол.
Кездесу соңында Бекет Аймағамбетов әрқашан тұрғындармен сұхбаттасуға дайын екендігін, қоға қауіпсіздігі мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде, бақылауда адал қызмет ететіндігін жеткізді.
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.