Мәслихат хабарлайды
13 наурызда сағат 10.00-де Қостанай облыстық мәслихатының кезекті сессиясы өтеді. Жиында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы қаралады. Сондай-ақ, Қостанай облыстық мәслихаты хатшысының 2019 жылы атқарылған жұмыс туралы есебі баяндалады.
Өтетін орны: Қостанай қаласы, әл-Фараби даңғылы, 66, мәжіліс залы, 8-қабат. Сессияның қарауына енгізілетін мәселелер туралы қосымша ақпарат «https://maslikhat.kostanay.gov.kz» ресми интернет-ресурсында орналастырылған.