Қайырымдылық шарасы өтті

Қайырымдылық жасау әрбір жанға міндет. Соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету адамгершілік парызымыз.
альмира
Облыстық мәслихат депутаты, Әулиекөл ауыл шаруашылығы колледжінің директоры А.Жансүгірованың бастамасымен аталмыш білім ордасында өмірде қиын жағдайға тап болған балаларға арналған қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
-“Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің” демекші, қолдан келгенше біреуге жақсылық жасағанға не жетсін. Әсіресе, адам өміріндегі ең игі істердің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Осы орайда, біз колледж еріктілерімен бірігіп, ауданымыздағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап қайырымдылық концертін өткізудеміз, – дейді Альмира Бағытқызы.
альмира1
Іс-шара барысында балалар үшін қызықты ойындар мен сайыстар ұйымдастырылып, әртүрлі мультфильм кейіпкерлері өз өнерлерімен кішкентай көрермендерді қуантты. Ал, шара соңында барлық балаларға сыйлықтар таратылды. Осылайша, қайырымдылық шарасына балалар ғана емес, ата-аналар да дән риза болып, ерекше көңіл-күймен тарқасты.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓