Архимед Мұхамбетов: «Биыл тарихқа тағзым жасау жылы»

2016 жылы Қостанай облысының дамуында оң өзгеріс көп болды. Өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық саласында жүзеге асырылған тың жобалар, серпінді істер аз емес. Естеріңізге сала кетейік, газетіміздің 10 ақпан күнгі (№16) санында «Облыс әкімінің «Облыстың 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2017 жылға арналған міндеттері туралы» есебінің тезистері» хабарламасында аймағымызда былтырғы жылғы атқарылған негізгі жұмыстардың қорытындылары жарияланған болатын.

_MG_498124 ақпан күні өңір басшысы Архимед Мұхамбетов халық алдында есебін оқыды. Екі сағаттан астам уақытта жоғарыда айтылғандар мен биылғы жылы атқарылатын жұмыстар жөнінде кеңінен баяндады. Бұған дейін өңірде барлығы 602 есептік кездесу өткен екен._MG_5029

_MG_4985Жиынға облысымыздың барлық аудан-қала басшылары, тұрғындар, депутаттар, шаруалар, БАҚ өкілдерімен қоса, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, ҚР Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Мұхамеджан Абауов, «Нұр Отан» партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов келіп қатысты._MG_5069– Биыл аймағымызда «Тарихқа тағзым жасау жылы» болып жарияланды. Осыған байланысты өткенімізді жаңғыртып, келешек ұрпаққа үлгі болу үшін даңқы қолбасшы Кейкі батыр кесенесін салуды жоспарлап отырмыз. Амантоғай ауылындағы қираған үйлер, нысандар қалпына келтіріледі. Әулиекөл мен Амантоғай арасындағы жолды жөндеу де жоспарымызда бар, – деді А.Мұхамбетов._MG_4996«Аймақ басшысы сондай-ақ, Тобыл-Торғай жұртшылығы үшін тағы бір қуанышты жаңалық – атақты батыр Тархан Жәнібек бабамыздың мүсіні облыс орталығына орнатылатынын хабарлады. Бұл шара биылғы қыркүйек айында болмақ. Тәуелсіздік алған жылдары сол кездегі облыс әкімі болған Кенжебек Укиннің бастамасымен салынған Ыбырай Алтынсарин мавзолейі де қайта салынбақшы екен. Әкім халыққа осы кесененің болашақтағы келбет-нұсқасын көрсетті._MG_5015

_MG_5057

_MG_5043Қостанай қаласындағы «Корей көпірі» атанып кеткен КСК ауданы мен Затобол кентін жалғасырып жатқан көпірдің ені 4 көлік жүретіндей кеңейтіледі. Ал биыл аймағымызда халықаралық «Сабантой» мерекесі өтеді. Оған көршілес елдерден меймандар келеді деп күтілуде._MG_5052Облыс басшысына сұрақ қойғандар мен ұсыныстарын жеткізгендер саны аз емес. Солардың бірі А.Әбсадық Құсмұрыннан Шоққарағайға дейін тікелей темір жол тартылса деді:

– Егер шойын жол Шоққарағайға дейін тура келсе, онда ол аралықты басып өтетін аудандардың әлеуметтік-экономикалық жағдайына оң әсер болары еді. «Сосновый бор» шипажайына келетіндер де Тобыл, Қостанай арқылы айналып жүрмейді. Ең бастысы, жол жүру уақыты шамамен 5 сағатқа қысқарады._MG_5016
_MG_5027
_MG_5090Лисаков қаласынан келген ақсақал сол шаһардағы жаңадан салынып жатқан мешіт құрылысына көмек қажет екенін жеткізді. Әкімге кәсіпкерлерді жұмылдырып, Алла үйінің тез аяқталуына жәрдем беруін сұрады. Бұдан бөлек, Аманкелді ауданындағы су тасқынының алдын алу, тарифтердің көтерілуі, Қамысты ауданының Орқаш ауылындағы қордаланған мәселелер, Торғайдағы Тархан Жәнібек мұражайын жөндеу, зейнеткерлерге жеңілдік қатарлы сауал-ұсыныстар да айтылмай қалған жоқ._MG_5102
Мақаланың толық нұсқасы газетіміздің алдағы сандарында жарық көреді.
 
Қыдырбек Қиысханұлы,
Суреттерді түсірген Айбек Жүзбай, Бағдат Ахметбеков.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓