Тәні саудың жаны сау
Бүгін облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен облыстық саламатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығы және “Senim” денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының ұйымдастыруымен медицина қызметкерлері арасында дәстүрлі облыстық шаңғы фестивалі өтті.
Фестивальдың ашылуында сөз сөйлеген облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Д.Жандаев жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
-Жалпы, біздің өңірде шаңғы спорты жақсы дамып келеді. Саламатты өмір салтын насихаттап, шаңғы тебемін деушілердің де саны жылдан-жылға артуда. Тіпті, медицина қызметкерлері арасында да қысқы шаңғы фестивалін өткізіп отыру да дәстүрге айналды. Осы орайда, бүгінгі жарысты ұйымдастырушыларға да айтар алғысымыз зор, – деді Д.Жандаев.
Әр өңірден келген медицина саласының қызметкерлері сапқа тұрып, саламатты өмір салтын ұстанудың үлгісін көрсетті. Жарысқа барлығы алты команда қатысып, бағын сынады. Түрлі жас аралығындағы дәрігерлер қатысқан бұл дода биыл алтыншы рет өкізіліп жатқан көрінеді.
-“Шынықсаң – шымыр боласың” демекші, кез келген спорт түрімен шұғылдану адамға сергектік пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Әсіресе, шаңғы спортының арқасында адам төзімділік, қайраттылық, күш-жігер сияқты қасиеттерге тәрбиеленеді. Біздің бүгінгі фестивальдің де басты мақсаты осы, яғни халықты саламатты өмір сүруге шақыру. Медицина қызметкерлері арасындағы қысқы шаңғы сайысы биыл алтыншы жыл ұйымдастырылып жатыр. Күн райына қарамастан сонау Арқалық, Аманкелді, Қамысты, Қарабалық сияқты шалғай аудандардан да келді. Фестивальге барлығы қырықтан астам медициналық ұйымдардан дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлері қатысуда. Ең бастысы, біз бүгінгі фестиваль арқылы халыққа қысқы спорттың денсаулық кепілінің бірі екенін көрсеткіміз келді, – дейді облыстық СӨСҚПО-ның атқарушы директоры А.Садуақасова.
Тартысты өткен сайыстың жеңімпаздары кубоктармен және медальдармен марапатталды.
“Шаңғы спорты – 2020” фестивалінің жеңімпаздары
30 жасқа дейінгі әйелдер арасында (3 км):
1 орын – С.Молдағұл – Қостанай қалалық онкологиялық көп бейінді ауруханасы
2 орын – С.Есенова – Қостанай облыстық ауруханасы
3 орын – А.Сағынаева – Арқалық аймақтық ауруханасы
30 жасқа дейінгі ерлер арасында (3 км):
1 орын – А.Қабсалықов -Аманкелді аудандық ауруханасы
2 орын – А.Исеков – Қамысты аудандық ауруханасы
3 орын – Н.Таликин – Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығы
40 жасқа дейінгі әйелдер, арасында (2 км):
1 орын – Н.Жанғабылова – Аманкелді аудандық ауруханасы
2 орын – О. Кашина – Сарыкөл аудандық ауруханасы
3 орын – Е.Мандрыкина – Алтынсарин аудандық ауруханасы
40 жасқа дейінгі ерлер арасында (2 км):
1 орын – М.Низяев – Сарыкөл аудандық ауруханасы
2 орын – А.Ильичев – Рудный қалалық емханасы
3 орын – Е.Қабидоллаұлы – Қостанай қалалық №3 емханасы
40 жастан асқан әйелдер арасында (1 км):
1 орын – М.Кравцова – Қостанай қалалық ауруханасы
2 орын – Р.Воеводина -Қостанай қалалық № 1 емханасы
3 орын – Т.Бадиж – Рудный қалалық емханасы
40 жастан асқан ерлер арасында (1 км):
1 орын – Т.Дюсебаев – Облыстық қан орталығы
2 орын – Е.Курушин – Қостанай қалалық онкологиялық көп бейінді ауруханасы
3 орын – К.Бухметов – Қостанай облыстық балалар ауруханасы
Суреттерді түсірген Б.АХМЕТБЕКОВ