Мектептегі автоқалашық

Қостанайда физика-математика лицейінің аумағында балаларға арналған автоқалашық ашылды. Қалашық полиция және білім саласы қызметкерлерінің қолдауымен, сондай-ақ бейне қадағалау жүйесін орнатумен айналысатын "Фор и К" ЖШС-нің қатысуымен салынды. Автоқалашықта балалардың жолда жүру ережелерін үйренуі үшін қажетті жағдайлар жасалған, көше қиылыстары, бағдаршамдар бар, жол белгілері орнатылған. Педагогтар жолда жүру қауіпсіздігі сабақтарын қызықты өткізу, оқушылар жолдағы қауіпсіздік дағдыларын мектепте оқып, меңгеру мүмкіндігіне ие болды. Әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы полиция капитаны Юрий Панасенко бұл жобаның ұзақ мерзімді екенін, басқа мектептерде де осындай оқушыларға арналған авто алаңдар пайда болатынын атап өтті.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓